Жылжымайтын мүлікке құқықтардың электронды нұсқада тіркеудің артықшылықтары
27 сәуір 2012 жылы Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтардағы,олқылықтарды, колизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Осы заңның аясында Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтар болсақ, 2013 жылдың қаңтар айының 01 жұлдызынан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық нұсқада тіркеу жүзеге асырылуда.
Бұл мемлекеттік қызметтің электрондық түрінің басымдылықтары, ол енді азаматтар тіркеуші орган және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей, тіркеу мерзімінің қысқаруы және мемлекеттік қызмет көрсету барысында қағаз түріндегі құжаттардың жоқтығы. Жылжымайтын мүлікке құқығы туындауының электронды нұсқада тіркеу ол мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсеін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңында көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекен-жайына жіберіледі. Электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды.
Жылжымайтын мүлікке құқықтары электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін қызметтің бағаларын төленгенін растайтын төлем түскен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.. Электронды тіркеу үшін азаматтардың электронды цифрлы қолтаңбасы қажет етілмейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласына электронды тіркеуді енгізу мемлекеттік тіркеу мерзімін 5 күннен 1 күнге дейін қысқартты, сонымен қатар жедел тіркеу үшін төлем төленбейді. Электронды тіркеудің жеке және заңды тұлғалар үшін ең басты артықшылығы – уақыт пен материалдық шығынның азаюы. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің электронды түрі рәсімдеу шараларын түбегейлі жеңілдетіп, кедергілерді жойып, азаматтарға қолайлы жағдайлар туғызуда. Қазіргі таңда осы жеделдетілген мемлекеттік қызмет түрін қолданушылар саны күннен-күнге өсуде.
Н.БАЙМҰХАМБЕТ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
тіркеу басқармасының бас сарапшысы