Қызылордада сатушысы жоқ дүкен ашылды
Қызылорда алғаш рет "Адалдық дүкені" ашылды. Аталған сауда орталығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университет қабырғасынан бой көтерді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылордадағы департаментіне сілтеме жасап.
Сыр өңіріндегі серпінді жоба - ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылордадағы департаменттің қолдауы бойынша жүзеге асты. "Адалдық дүкені" деген атауды иеленге жаңа сауда орны өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын арнайы жәшікке қалдырады. Дүкенде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Мұнда бейнебақылау камералары, тіпті күзет те жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа бағытталған.
Бұл тәжірибе әлемнің кейбір мемлекеттерінде жүзеге асуда. Пайдасы шаш етектен болмаса да, болшақ ұрпақты тәрбиелеудегі тиімді шарттардың бірі екендігі сөзссіз. Әзірге тек бір білім ұясында орналасқан дүкенді алдағы уақытта Сырдың бас шаһарындағы барлық оқу орындарына енгізу жоспарда бар.Мұндай дүкендерді енгізу Сыр жастарының жағымды моральдық қасиеттерін дамытып, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Яғни бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.