Ауыл жастары бизнес-жобаларын ұсынды
Қызылордада «Жақсы жобамен – жарқын болашаққа» атты бизнес-жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Жоба ауыл жастарының өмір сүру белсенділігін арттырып, жастардың бойында кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» жобасы аясында ұйымдастырылған байқауға 9 бизнес-жоба қабылданды.
«Атамекен» ҰҚП облыстық филиалы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының тренер-жетекшілері қатысып, жобаларды сарапқа салды.
Нәтижесінде Айдарлы ауылынан Әкежан Бекенов, Аманкелді ауылынан Шапағат Жамбыл, Түгіскен ауылынан Орынбасар Саймбетовтің жобалары үздік деп танылды.