Ауыл әйелдері қалада бас қосты
Қызылорда қаласында ауыл әйелдерінің форумы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Форумға батыр аналар, аудандарда әр салада қызмет жасап жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сыр өңірінде отбасымен және бүгінгі қоғамның дамып, өркендеуіне әр салада жүріп өзінің сүбелі үлесін қосып, адал еңбегін арнаған 35 әйел-анаға «Ғасыр-Ана», «Үздік білім қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы», «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері», «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациялары бойынша аймақ басшысы атынан дипломдар табысталды.
Шара аясында Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабековаға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов «Ғасыр Ана» номинациясын табыстап, шаңырағында құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда республиканың ауыл-селоларында Қазақстан халқының 40,3 пайызы тұрады, оның жартысы әйелдер.