Қызылордада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде
Елімізде 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметі.
Акция барысында профилактикалық есепте тұрған адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары іске асырылып жатыр.
Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңын түсіндіру жөніндегі буклеттерді үлестіре отырып, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерді күн сайын аралауда.