4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. Тек солтүстік және шығыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстікте, шығыста жел соғады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Павлодар, Маңғыстау облыстарының түнде кей жерлерінде тұман түседі.