Қазақстанда өнеркәсіп саласына қажетті кадр дайындалатын болады
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және оны жүзеге асыру бойынша инвесторлармен әріптестік орнату үшін Жол картасы қабылданды. Құжатқа ҚР «Атамекен»ҰК Палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов, шетелдіктер тарапынан Инвесторлар Кеңесінің еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жұмыс тобының қосарлас төрағасы Димитри Пропп және Қазақстан жағынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қол қойды.
Жол картасы үш бағытты көздейді: инвесторлармен әріптестік дамыту; педагогикалық кадрлардың сапасын көтеру және мазмұнын жаңарту; біліктілікті тану және дағдыларын сертификациялау жүйесін дамыту.
Бірінші бағыт бойынша «Инвесторлармен әріптестікті дамыту» құжатына сәйкес 2018 жылдың қараша айында шетелдік және қазақстандық инвесторлардың кадр дайындау саласында олардың базасында оқу орталықтары бар-жоғы, орталықтардың білім беру деңгейі, жұмысшыларға біліктілік талаптар қою, технологиялық білім беру, біліктілік, жаңа мамандар қызметі жайында мәліметтерді іріктеу жоспарланған.
Қараша айының соңына дейін кадр дайындауда және техникалық - кәсіптік білім беруді дамытуды қолдайтын орталықтар, сондай-ақ құзырлы салалық орталықтар құрудағы шетелдік инвесторлардың тәжірибесін қолдану үшін оқу мекемелерінің және кәсіпорындардың санын анықтау жоспарланған.
2019 жылдың қараша-наурыз айларына қарай құзырлы салалық орталықтардың қызметі туралы және APECPetroTechnic қағидасы бойынша әр аймақта үлгілі колледждер мен кәсіпорындардың базасында кем дегенде екі осындай орталық құру туралы типтік келісімді және тұжырымдаманы бекіту жоспарланған.
Пилотты түрде Алматы құрылыс-техникалық колледжі базасында КНАУФ компаниясымен бірге құрылыс саласына кадрлар дайындайтын құзырлы орталық құру жоспары бар. Мұндай орталықтар тау-кен металлургия саласында ERG компаниясымен Хромтау техникалық колледжі базасында, аграралық салада CLAAS компаниясымен, өндіріс және мұнай құбырлары сұрыптамаларын пайдалануда «ТМК» құбыр металлургия компаниясымен, металлургия және тау-кен өндіру саласында «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ, тау-кен – металлургия бойынша Полиметалл компаниясымен Лисаковск техникалық колледжі базасында құру көзделген.
Ағымдағы жылдың мамыр айында CNPC, Тоталь, РУСАЛ, мұнай-газ компанияларының және Польфарм компаниясының кадр дайындаудағы тәжірибесін трансляциялау үшін білім беру сессиялары және басқа да шараларды қамтитын семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, инвесторлармен бірлескен бағдарлама құра отырып бірыңғай платформада қашықтықта онлайн-оқыту мүмкіндіктерін ұйымдастыруда пилотты бағдарламаны дайындау көзделіп отыр.
2019 жылдың ақпан айында техникалық-кәсіптік білім алып жатқан студенттер арасында digital біліктілігін қолдана отырып ең үздік шешім қабылдау мүмкіндіктерін айқындау үшін идеялар бойынша хакатон-байқауын өткізу жоспары бар.
2019 жылдың наурыз-сәуір айларында Техникалық-кәсіптік білім алып жатқан студенттер үшін жұмыс берушілердегі бәсекелестік критерилері бойынша әртүрлі алдыңғы қатардағы компаниялрадың HR-директорларын тарта отырып білім беру сессиясын өткізу жоспарланған.
2019 жылдың наурыз-сәуір айларында Техникалық-кәсіптік білім алып жатқан студенттер үшін жұмыс берушілердегі бәсекелестік критерилері бойынша әртүрлі алдыңғы қатардағы компаниялрадың HR-директорларын тарта отырып білім беру сессиясын өткізу жоспарланған.
Екінші бағыт - «Педагогикалық кадрлар сапасын көтеру және құрылымын жаңарту» бойынша 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылға қарай педагогтартардың біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру,4:0 инудстриялды кәсіпорындарда тәжірибеден өткізу, кәсіпорындардың тәлімгерлері үшін жекелеген курстар өткізу, нұсқаушылардың сертификаттарын беру және дайындайтын сертификациялық орталықтар құру, жұмыс берушінің жаңа біліктілікке қатысты талаптары бойынша Техникалық-кәсіптік білім беру біліктілігі және мамандықтарды сыныптауға өзгерістер енгізу, құзырлы салалық орталықтарында біліктілік талаптарына сәйкес сондай-ақ, WSI, STEMталаптары бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеп, енгізу жоспарланған.
Үшінші бағыт – «Біліктілікті тану және дағдыларын сертификациялау жүйесін дамыту». Бұл бағыт бойынша 2019 жылдың наурыз айында Ұлттық біліктілік жүйесі үшін институционалдық ортаны жетілдіру, соның ішінде ең үздің әлемдік тәжірибені ала отырып біліктілікті дамыту органдарын құру жоспарланып отыр. Реттеуші мамандықтар және біліктілікті талап ететін мамандықтар тізімін анықтау көзделген.
2019 жылдың мамыр айына қарай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, білім және ғылым министрлігімен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп біліктілікті тану және дағдыларын сертификациялау тәртібін әзірлеп шығуды жоспарлап отыр.
2019 жылдың мамыр айына қарай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, білім және ғылым министрлігімен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп біліктілікті тану және дағдыларын сертификациялау тәртібін әзірлеп шығуды жоспарлап отыр.