Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен семинарда Тілдерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы талқыланды.
Оған Қызылорда қаласы мен қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.
Бұған дейін ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғандығы белгілі. Осыған орай облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы А.Әбжәлиева мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы және алдағы міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар латын әліпбиін меңгерту ережелері төңірегінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар тіл мамандарымен тәжірибе алмасып, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстарын жолдады.