ҚАЖ департаментінде Тұңғыш Президент күні тойланды
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиынды департамент бастығы Ғанибек Отарбаев құттықтау сөзімен ашты.
«Еліміздің тыныштығы мен ұлтаралық татулық және Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз Елбасымен байланысты. Еліміздегі құқықтық тәртіпті қадағалаудағы жеткен жетістіктер Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасы», – деді әділет полковнигі Ғ.Отарбаев.
Шараға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан алғаш сұхбат алған журналистердің бірі, журналист-дипломат, қоғам қайраткері Ержан Уәйіс және «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Владимир Толоконников, А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері қатысты.
Осы айтулы күні қызметтегі жақсы жетістіктері үшін ҚАЖ департаменті және мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ, ҚАЖ комитеті және ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен грамотамен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын соңында көрме ұйымдастырылып, қонақтар Елбасы туралы деректі фильмді тамашалады.