Жаңа жекпе-жек түрлері Қауымдастығы құрылды
Астанада олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Республикалық Федерациялардың қатысуымен отырыс өтті, деп қабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Шара ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен өтті. Шарада олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша барлық Республикалық Федерацияларды бір Қауымдастық аясына жинау мәселесі қарастырылды. Кездесуге республика бойынша аккредиттелген 20 федерация өкілі келді.
Шара барысында Қауымдастықтың Президенті сайланып, басшы құрамы бекітілді. Ортақ шешіммен ұйым президенті болып Карим Масимов сайланды, бірінші орынбасары қызметіне Ануар Садыкулов тағайындалды, бас хатшы міндетін Фархат Аманқұлов атқарады, сонымен қатар, ұйымның вице-президенттері болып Нұрлан Ермекбаев, Рапиль Жошыбаев, Таджимурат Найзабеков, Серік Жарасбаев сайланды.
Қауымдастық төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды: каратэ, жекпе-жек, қоян-қолтық жекпе-жек, аралас жекпе-жек ММА.