Қазақстан Президентінің жаңа көмекшісі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ол осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын. Мемлекет басшысының Өкімімен Ерұлан Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты аталмыш лауазымынан босатылды.
Ал Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.