2018 жылғы 3 тоқсандағы еңбек нарығындағы жағдай

Жалдамалы қызметкерлердің саны 221,0 мың адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 65,5% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің, яғни жалданылмай жұмыспен қамтылғандардың саны 116,5 мың адамды немесе 34,5% құрады.
Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 54,3%, әйелдердің үлесі –45,7%.
15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,2% құрады.
2018 жылдың қыркүйек айының соңына Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша 7,9 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 2,3% құрады.