«Қызылорда-Жезқазған» жолы салынатын болды

«2019-2021 жж. арналған үш жылдық бюджет кеше сенатта қабылданды. Соңғы он жыл ішінде Парламент қабырғасында үнемі көтеріліп келе жатқан «Қызылорда-Жезқазған» тас жолына қомақты қаржы бөлінді. 2020 жылы – 26 млрд 142 млн, 2021 жылы – 24 млрд 720 млн. Барлығы – 50 млрд 862 млн теңге. Бұл жол қызылордалықтар үшін ғана емес, түркістандықтар мен көрші өзбектер үшін де Орталық және Солтүстік Қазақстанға жолаушы және тауар тасымалдаудың ең төте жолы. Тек бөлінген қаржы шашау шықпай, жол сапалы төселсе екен», – деп жазды сенатор.