Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты
26 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстікте, солтүстік-батыс пен шығыста қар жауады. Кей жерлерде ызғырық жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с дейін күшейіп, түнде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Тұман түсіп, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.
Қызылорда, Батыс Қазақстан , Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының кей аймақтарында бұрқасын күтіледі. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 18 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарына тұман түседі.