ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи байқауын жариялайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи «Менің сүйікті дәрігерім» байқауын жариялайды!
Еліміздің әрбір тұрғыны байқаудың қатысушысы бола алады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, Сізге медициналық көмек керек болып қалған жағдай жайлы өмірлік тарихыңыздан үзінді эссе қазақ немесе орыс тілдерінде жазу керек.
Бұдан соң суретін және қазақ немесе орыс тілдеріндегі эссені zdrav_konkurs_2018@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет және Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен орналастыру керек. Жұмыстар ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Кері байланысты қамтамасыз ету үшін өз байланыс телефондарыңызды көрсетуді ұмытпаңыз!
Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады.