Қоғамдық кеңес мүшелері жылды қорытындылады
Арал, Қазалы ауданы әкімдіктерінің мәжіліс залында облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері бас қосты.
Оған Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, «Өлкетану» музейінің директоры Марат Омаров, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Раушан Сарымсақова, қалалық «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің директоры Бархан Ахылбаев және Арал, Қазалы аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ-лар мен аудан тұрғындары қатысты.
Жиында аудандық қоғамдық кеңестердің басшылары жыл бойы атқарылған жұмыстарын баяндап, қатысушылардың пікір ұсыныстарымен келесі жылға жоспар құрылды.