Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы туралы

Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер – 67,1% (тұз – 58,3% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне, табиғи құмдар – 7,9%, мұнай өнiмдерi – 1%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 32,8% (күріш – 27,8%, жас немесе мұздатылған балық 3,6%).
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,2%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 17,3%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар - 11,7%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 7,9%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары - 7%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,8%, минералды өнімдер - 3,4% әкелінді.