Елбасы жолдауы – басты бағдар

Шараға қатысушылар Жолдауда қозғалған барлық мәселені таразылап, өз көзқарастарымен бөлісті. Халқымыздың «Ақыл - жастан» деген сөзін тілге тиек етіп, елдің қызмет көрсету саласындағы кейбір түйіткілді тұстарын әңгімеледі.
- Жаңа дәуір бізді жаңа технологиясымен қуантады. Сол себепті біз бар ынтамызды үздік бағдармалар мен жаңа дүниелерді үйренуге, ойлап табуға арнауымыз керек. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық жаңалық айта алсақ ол еліміздің өркендеуіне өз септігін тигізеді. Сол сияқты спорт және туризм саласына да жаңа өзгерістер енгізуді қарастыру керек. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін арнайы топ құрдық. Жастарды жігерлендіру, қабілеттерін арттыру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз, - деді колледж студенті Жанарбек Бекарысов.
Жиын соңында студенттер орталық кітапхана қызметкерлерінің арнайы дайындаған «Елбасы жолдауы – тарихи дәуір бастауы» атты кітап көрмесімен танысты.