Жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу мақсатында автошеру өтті

«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен темір тұлпарлардың қалдықтарын тиеген автоэвакуаторлардан және қара түсті жеңіл автокөліктерден құралған автокеруені қаланың басты көшелерінен жүріп өтті. Автокеруен кезінде жол сақшылары дыбыс күшейткіш құралдары арқылы жол-көлік апатының құрбандары жайлы статистикалық мәліметтерді айтып, жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Шара соңында «Тағзым алаңында» Қозғалыстың жас инспекторлары жол-көлік апатының құрбандарын еске алу мақсатында ақ-қара шарларды аспанға ұшыру рәсімін өткізді.