Тәуелсіз Қазақстанның символы

Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған шараның мақсаты төл теңгенің айналысқа шығарылуы еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы әлеуметтік экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті болған тарихи қадам екендігін түсіндіру.
Шара барысында Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің арнайы пән оқытушысы М.Сыздықова ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс элементтері, қаржы нарығындағы жағдай, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі туралы мәліметтер берді.
Сонымен қатар «Теңге – дербестік тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
