Өңірімізде дәрігерлер тапшылығын жоюдағы бірлескен қадам
Қызылорда облысына Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин қызметтік іс-сапармен келді.

Ұлттық медицина университетінде облысымыздың 301 жастары білім алып жатыр. Ал оларды туған жерге тартудың алғашқы қадамдары осындай шаралар арқылы бастау алуда.
Алғашқы қадам ретінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап, Университеттің 28 резиденті, 58 интерндері облыстың емдеу алдын алу ұйымдарында тәжірибеден өте бастайтын болады. Бұл жас болашақ мамандар үшін үлкен сабақ болар сөзсіз.
Іс-сапар барысында медицина ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізіліп, ұйымдарға қажетті мамандар және тәжірибелік көмек көрсету шаралары туралы келісім жасалды.
