Жанарсыз жандар қуанышқа бөленді
Қызылордалық нұротандықтар «Халықаралық зағиптар күні» мерекесіне орай жанарсыз жандар арасында дойбыдан сайыс өткізді.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырлған игілікті шара биыл өңірдегі жетекші партия филиалының қолдауымен 2-ші рет өз жалауын көтерді.
– Спорт болған соң онда жеңіс те, жеңіліс те болады. Және сараптау да қатаң өтеді. Бұл жолы да солай болды. Бізді мүмкіндігі шектеулі жандар ғой деп ешкім жеңілдік жасаған жоқ. Кәдімгі толыққанды спорт додасындағыдай төреліктер жасалынды. Ол дұрыс. Бізді осының өзі қанаттандырды, намысымызды жанып, жігерлендірді. Соның нәтижесінде жеңіс тұғырынан көтеріліп отырмын, – дейді 1 орын иегері Тойбазар Дүзбаев.
Жеңімпаздарды марапттаған облыстық партия филиалы саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Алтынбек Жарылқасынов партия тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қолдау толастамайтынын атап өтіп, шараның негізгі мақсатын жеткізді.
Партия қолдауымен өткізілген спорттық сайыс шын мәнінде мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілінен шықты. Олар көңілдеріне қуаныш сыйлаған «Нұр Отан» партиясына шексіз ризашылықтарын білдірді.

20 жуық зағип жандар қатысқан бұл жолғы сайыс 3 сағатқа созылды. Қатысушылар өздерінің күш-қуаттары мен ептіліктерін, шеберліктерін, біліктіліктерін сарқа жұмсады. Нәтижесінде мықтылары топ жарып шықты. Қазылар алқасының шешімімен І-орын, 5 ойынан 5 ұпай жинаған, I-топ мүгедегі Тойбазар Дүзбаевқа, ІІ- орын Тәжібай Сыдықовқа, ал жүлделі үшінші орын Дулат Асылхановқа бұйырды. Сонымен қатар ардагер спортшы, белесенді спортшы номинациялары табысталып, барлық спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– Спорт болған соң онда жеңіс те, жеңіліс те болады. Және сараптау да қатаң өтеді. Бұл жолы да солай болды. Бізді мүмкіндігі шектеулі жандар ғой деп ешкім жеңілдік жасаған жоқ. Кәдімгі толыққанды спорт додасындағыдай төреліктер жасалынды. Ол дұрыс. Бізді осының өзі қанаттандырды, намысымызды жанып, жігерлендірді. Соның нәтижесінде жеңіс тұғырынан көтеріліп отырмын, – дейді 1 орын иегері Тойбазар Дүзбаев.
Жеңімпаздарды марапттаған облыстық партия филиалы саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Алтынбек Жарылқасынов партия тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қолдау толастамайтынын атап өтіп, шараның негізгі мақсатын жеткізді.
- Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қамқорлық ерекше. «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуіне қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бұл партияның саяси Доктринасында нақты қамтылған. Бүгінгі шара мақсаты біріншіден Сіздерге мерекелік көңіл күй сыйлау болса, екіншіден рухани қуаттарыңыз бен денсаулықтарыңызды бір сәт сергіту болып отыр»,- деді.