Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді
Өлген малдарға ветеринариялық зертханамен «лептоспироз» ауруына қорытынды берілген жағдайда бюджет есебінен өтемақы төленетін болады, бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.

"Аудандық ветеринариялық зертханасына «лептоспироз» ауруына және азықтан улануға күмәнді деп, патологиялық материал өткізілген. Егер диагноз расталса, мал иесіне бюджеттен өтемақы төленеді", - деді аймақ басшысы.
Қазір жағдай тұрақты. Мал тұрған қора жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ветеринариялық шаралар атқарылып, қатаң бақылауға алынған. Өлекселер өртеліп, арнайы мал қорымында көмілді, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Хабарлама түсе салысымен, ауру мал оқшауланып, сарысу және антибиотиктермен емдік шаралар жүргізілген.