ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 3-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ 90%-ҒА ЖУЫҚТАДЫ
Қызылорда облысында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамту 90%-ға жуықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бұл еліміздегі үздік көрсеткіштердің бірі, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов. – Өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын мерзімінен бұрын орындау жоспарлануда».
Қызылорда облысы бас ұстазының пікірінше, өңір мұндай көрсеткішке мемлекеттік балабақшалар салу, мектеп жанынан мектеп алды білім беретін шағын орталықтар ашу, сондай-ақ мемлекеттік жеке серіктестік есебінен қол жеткізіп отыр.
«2014 жылы облыста 80-нен астам мектепке дейінгі мекеме ашылды, олардың 60-тан астам балабақша болса, қалғаны – шағын орталықтар. Қолданысқа беріліп жатқан балабақшалардың басым бөлігі жекенің қолында. Облысымызда атқарушы биліктің кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасты. Мемлекет жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс бөліп, қызметкерлер жалақысы мен коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге көмек көрсетуде. Соның арқасында мыңдаған отбасы балаларын қолжетімді бағамен балабақшаға беру мүмкіндігіне ие болуда, өйткені барлық шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алып отыр», - деп түсіндірді Наурызбай Байқадамов.