Латын графикасында жалпыхалықтық диктант өтеді

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.
Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz , tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.
Жалпыхалықтық диктант барысы туралы радио, теледидар арқылы тікелей репортаждар ұйымдастырылады, хабарлар таратылады.
Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан аласыздар.
Baq.kz