АУДАНДАРДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ҚОЛДАУ БАР
Аудандардағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының кеңесшілері өз жұмысын бастаған уақыттан бері 2851 ауыл тұрғынына бизнестің түрлі салалары бойынша қызмет көрсетілді. Ауыл округтері мен аудан тұрғындары Даму Қорының «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асыратын оқыту жобаларына қатысуға өтініш беруге мүмкіндік алды. Облыс аудандарының бастауыш және табысты кәсіпкерлері «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Кеңесші 2», «Іскерлік байланыстар» және «ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобаларына белсенді қатыса бастады. Барлығы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 561 ауыл тұрғыны оқудан өтіп, «Іскерлік байланыстар» және «ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобалары аясында «ТұранПрофи» Халықаралық академиясында, «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да және «КИМЭП» Университетінде облыс ауданынан 13 жұмыс істеп тұрған кәсіпкер бизнес-тренингте оқып шықты. Ауыл кәсіпкерлері «Бизнес-Кеңесші 2» жобасына да белсенді қатыса отырып, ауылдық жерлерде өз кәсібін өркендетіп отырған 50 шағын және орта бизнес өкілі компанияның дамуын басқаруды ұйымдастыру саласында тегін тренингте білімін толықтырды.
Астана қаласындағы «ТұранПрофи» Халықаралық академиясында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқудан өткен кәсіпкердің бірі - Жолдасбаева Пакизада. Кәсіпкер оқыту курсындағы ұйымдастырушылық деңгейдің жоғары екендігін айтып, тәжірибелі тренерлердің шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді бизнесті құру модельдеріне кәсіби тұрғыда үйреткенін де жоғары бағалады. Қазіргі таңда жеке кәсіпкердің жобасы банктің қарауында және кәсіпкер несиені Арал ауданының Сексеуіл кентінде медициналық клиника ашуға жұмсауды жоспарлап отыр. Пакизада Жолдасбаеваның сөзінше, Арал ауданындағы кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері оған сапалы сервистік қолдау көрсетіп, кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға арналған оқыту курстарына бағыттады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жас бастауыш кәсіпкердің бірі Мағауияұлы Шайхы-Ислам АКҚО кеңесшісі Ақмарал Махамбетовадан кеңес алу барысында, « Жұлдыздарға қара» жобасы жайында естіді. Нәтижесінде аталған конкурстық жобаға қатыса отырып, жеңімпаздар қатарынан көрінді және 200 000 теңге көлемінде грант ұтып алды.
АКҚО жұмысының мақсаты - ауыл мен аудан халқына бизнесті бастауы мен оны дұрыс жүргізуге қолайлы жағдай жасау болып табылады. «Даму» қорының негізгі қызметі, ең бірінші өндіріс саласында шағын кәсіпорындар құруға және өнім өндіруші шағын компанияларды дамытуға, оның ішінде аграрлық өнімдерді қайта өндіру, ауыл халқына түрлі қызмет түрлерін көрсетуді дамыту жолында жұмыс жасауда.