Медициналық сақтандыру қорына Қызылорда облысының тұрғындары 3 млрд. астам теңге аударды
Қазан айында Медициналық сақтандыру қорына 253,8 млн. теңге жарна түсті.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қазанына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 3 млрд. 214 млн. теңгеге жетті.
Оның 3 млрд 056 млн теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 158 млн. – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі және Жаңақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.