Қазалыдағы білім ордасы «Үздік мектеп мұражайы– 2018» республикалық конкурсының жеңімпазы

Аймақтық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары да өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, қанжығалары майлануда. Қаладағы «Ер Тарғын» балабақшасының тәрбиешісі Бақыткүл Жомарт Астана қаласында өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» Республикалық байқауында жүлделі І орынды иеленді. Ақмола, Атырау, Қостанай секілді 14 өңірдің мықтылары бақ сынаған сайыста мектепке дейінгі бала тәрбиесі, білім берудің жаңа заманғы мүмкіндіктері жайында сөз болды. Тәрбиешілердің барлығы өздерін жоғары деңгейде көрсетті.