ТӨРЕЛІГІ БІР ТӨБЕ ПІРӘЛІ БИ
Билікке 1850-1860 жылдарда араласа бастағанын ескерсек, өмірге 1810-1812 жылдары келіп, 1879-1880 жылдары бақилық сапарға аттанған. Пірәлі би Жаңадария мен Қызылқұмда көшіп жүрген ауылдастарының 900 жылқы, 300 түйесін тартып алып кеткен хиуалықтардың бегіне барып, тоналған малдардың қайтаруын талап етеді. Азулы бидің ұтқыр да өткір сөздеріне тоқталған хиуалықтар, барымталанған малдарын алдына салып беріпті.
Пірәлі мен Қожеке батырға қатысты ел арасында мынандай бір әңгіме бар. Хиуалықтармен болған бір ұрыста Мырзабайдың баласы Қожеке хиуалықтардың 7-8 адамын өлтіріп, алым-салық төлемей жібереді. Осыған кектенген Қожанияз бек бір жайлауда бөлек отырған Мырзабай қарияны әйелімен күштеп көшіртіп алдырады. Пірәлі би бұл оқиғаның соңы қанды қырғынға, бүліншілікке ұласпауы үшін бекке барып тақымдасады. Әрі-бері тартыс сөзден кейін Пірәлінің артында Шөмекей елінің және батыр інісі Қожекенің тұрғанын ескерді ме, Бек Мырзабайды босатқан көрінеді. Жас Қожекенің сол ұрыстан кейін батырлығы елге жайылып, батыр атанған деседі.
Пірәли би хақында ел аузында айтылып жүрген әңгімелер көп-ақ, ол туралы жазылып қалған де- ректер де жок емес. 1857 жылдың 8 мамырындағы Рысмұхамед бидің қазақ даласында орын алған көтерілістер жайлы Орынбор шекаралық комиссияға берген мәліметінде негізінен Жанқожа батыр бастаған көтерілістің жайы туралы болған. Онда Жанқожа батыр Шөмекей руының биі Пірәліге өтініш жасап Бұхараға жібергені айтылған. Сондай-ақ, осы мәлімдемеде Пірәлі би Бұхара әмірінен оқ-дәрі, астық сұрап барғанын және оның Бұхарадан оралмағаны жазылған («Казахско-русские отношения в ХVІІІ- ХІХ веках), Алматы, 1964, 424-бет). Осы кітаптың 458 бетінде, 1859 жылғы 17 қыркүйектегі Орынбор губерниялық хатшысының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтеріліс жайлы жазбасында; 1856 жыл- дан Ж.Нұрмұхамедов Жаңадария бойында Заңғартөбе маңында өзінің жақындары 10 үй және сұлтан Бөрі бастаған 20 шаңырағы тұратынын және олардың Шөмекейдің көрнекті биі Пірәліге хат жазып, кеңеске қатысуын сұрағанын және 1858 жылы шөмекейлердің Қарасақал руының Дабыл биінің 500 жылқысын қайтару мәселесін шешуді ойластырғаны құжатта анық көрсетілген. Жалпы деректерді саралап отырсақ көп нәрсеге көз жеткізесіз, 1860-1872 жылдарда осы аталықтан Қожекенің және Пірәлінің Алмас, Аман, Аманбай атты балаларының есімдері елге белгілі болады. Алмас пен Аман Жолай аталығынан шығып, билікке араласып, дау-жанжалды шешіп отырған. Оны ақын-жыраулар Балқы Базар, Дұр Оңғар Қарасақал Ерімбет толғаулары, Шегебайдың Алмас бидің баласы дүниеден озғанда арнаған көңілқосында:
...Билігіңіз Рысымбеттен бері қарай, Тапжылмай жеті атаға келіп тұрған, – деп Алмас бидің Бекет аталығынан бері жеті атаға келгенін ха- бардар еткен.
Жолай-Кетебай, Өтетілеу, Пірәлі билер хақында Балқы Базар, Дүр Оңғар, Шегебай Бектасұлы, Тұрмағамбет ақындардың жыр жинақтарымен қатар, Қазақстан ұлттық, Сыр елі энциклопедиялар мен бірнеше жинаққа енген.
Кетебай (би) бабамыздың бір баласы Таңат би болса, оның баласы Арғынбай батыр болған кісі. Арғынбай батыр жөнінде дастан жазған есімі ше- телге белгілі жырау, ғалым, зерттеуші Алмас Алма- тов Арғынбай батыр дастанын жырлап келеді. Осы Арғынбайдан Төс туады, оның бір баласының аты Ақмырза. Қарақ өңірінде Ақмырза 1881 жылы туып, 1930 жылы Қызыл әскердің қолынан қаза тапқан. Ол 11 жасында Бұхарадағы «Көкелташ медресесінде оқып, елге келіп, молдалықпен айналысады. 1928- 1929 жылдардағы ірі байларды тәркілеу, мешіттерді жабуға қарсы шығып, 1930 жылы Қарақ тауында Кеңес әскерлерімен ұрыста қаза болған. Ұрпақтарының біразы атылып, бірсыпырасы Ауғанға қашқан. «Түрік иман» атты діни кітап та жазған кісі. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Ақмырза ахунның ағайын-туыстары мен ұрпақтары Қазақстанға оралуда.
Жалпы Жолай-Кетебай және оның ұрпақтарының билік шешімдері, ел басқару ісінде өзгелерден оқ бойы озық болғанға ұқсайды.
Дүр Оңғар ақын: ...Тұр екен тойханада іс басқарып,
Түбекбай, Аман, Алмас батыр досым, – деп жырлаған. Пірәлінің үлкені Алмас, Аман ортаншы ұлы екен. 1896 жылы болыс Алмас Пірәлиев екі аты мен өгізін ұрлаған Зарқұм Қуанышовты (бұл ұрылардың бастығы әрі би болған кісі) ауылына кіргізбей жіберіпті. Мұның өзі қарулы топтың басшысынан Ал- мас бидің қаймықпағанын, оның әділдікті сүйетінінен хабардар етеді. (бұл дерек Қазақстан мемлекеттік мұрағатының 213 қорында сақталған).
Кетебай және оның ұрпақтарында аумалы- төкпелі жылдарда көптеген құнды дүниелер жоғалып немесе қолды болыпты. Дегенмен Кетебай бидің 1798-1800 жылдары жасалған жеке мөрі, оның бала- сы Өтетілеудің 1830-1839 жылдардағы және Пірәлі бидің 1857-1860 жылдарда жасатқан жеке мөрлерінің түп нұсқасы Аман ұрпағының қолында сақталған. Жақында Аман бидің ұрпағының бір ғана емес, бірегейлі болып табылатын Ақылбек Шәрібекұлы Мәртсадықов ҚР Орталық Мемлекеттік музейіне әулеттен қалған асыл мұраларды тапсырды.
Т.ДАЙРАБАЙ.