«Q-CITY» АТТЫ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ЖАҚЫН КҮНДЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Жаңашылдыққа бет бұрып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, олардың қауіпсіздігін қаптамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласында «Ақылды қала» жобасы бойынша нақты шаралар қабылданған болатын. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба қала тұрғындары мен қонақтарының қала әкімдігімен тікілей байланыс жасау үшін, мәселелерді дер кезінде шешуге арналған «Q-CITY» атты мобильді қосымшасы жақын күндері іске қосылады.
Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылған бұл мобильді қосымша, арнайы Android және IOS платформаларына жасалып, 2 тілде барлық ұялы телефондарға жүктеуге мүмкіндіктері қарастырылған.
Қалалық бюджеттен бөлінген 21 млн. теңгеге жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау, жұмсалатын жұмыс уақытын азайту мақсатында GPS геодезиялық құралы мен ArcGIS бағдарламасы алынды. GPS геодезиялық құралы әлемнің кез келген жерінде, кез келген ауа-райында, сондай-ақ жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі объектінің орналасу орнын мен жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді.
ArcGIS (АР ГИС) бағдарламасы – америкалық компаниясының геоақпараттық бағдарламалық өнімдерінің бірі жер кадастры үшін, жерге орналастыру, жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу, инженерлік коммуникациялар жүйелері, геодезия, жер қойнауын пайдалану қызметтері мен басқа да салаларда қолданылады.
Аталған жоба жер қатынастар саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға жұмсалатын уақытты 15 күннен 2 күнге дейін қысқартады.
Облыстық Жол картасына енгізілмеген 2 жоба қалалық деңгейде жүзеге асырылатын болады. Атап айтар болсақ, қаланың халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарында ақпараттық ресурстарға, мемлекеттік көрсетілетін электронды қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында WI-FI тегін интернет желісін енгізуге «ORDA Wi-Fi» жобасы қолға алынуда. Бірінші кезеңде, пилоттық режимде Ыбрай Жақаев көшесі бойына орнатылады, ұзындығы 1 км, ені 50 м болатын ауқымда секундына 100 мегабайт жылдамдықтағы, жаңа технологиямен жабдықталған (Ubiquiti UniFi AC Mesh) құрылғы орналастыру көзделуде. Бұл жобаға қалалық бюджеттен 3 млн. 500 мың теңге бөлініп, жобаны іске асыру жұмыстары басталып кетті.
Сонымен қатар қала көшелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан №3 және №15 мектеп-гимназиялары тұстарына 4 дана светодиодты жол белгілерін орнатуға қалалық бюджеттен 2 млн. 300 мың теңге бөлінді.