СЫРДАРИЯЛЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қызылорда облысындағы мектеп мұғалімдерінің арасында байқау ұйымдастырылды.
Білім саласы қызметкерлерінің арасында өткен сайыста Сырдария ауданының ұстаздары бас жүлдені жеңіп алды.
Үгіт бригадаларының облыстық байқауын Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастырып, қатысушылар өнеріне білікті әділқазылар алқасы баға берді.
Облыстық байқауға облыстың жеті ауданынан және Қызылорда қаласынан жалпы саны 8 шығармашылық ұжым қатысты. Аталған байқауға Сырдария ауданының атынан №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің ұстаздары қатысты.

Сырдариялық ұстаздар Елбасы Жолдауының басым бағыттарын бекітілген ережеге сәйкес жоғары деңгейде насихаттап, білімдерінің арқасында көрермен ықыласына бөленді.
Байқаудың бас жүлде иегерлері "Алғыс хатпен", естелік сыйлықтармен марапатталып, көрікті Көкшетау қаласына саяхаттауға жолдама алды.