ЖОБА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге арналған «ОV Orda» бұлтты бейнебақылауы аясында Қазақтелеком АҚ-ның қаржысы есебінен қаладағы тұрғын үйлерге видеодомофондар орнатылуда. Оның ерекшелігі, тұрғындар үшін мобильді қосымшалары жасалып, бір апталық бейнежазбалары мұрағатта сақталатын болады. Абоненттік төлем әр пәтерге 300-500 теңге көлемінде қарастырылған.
Бірінші кезеңде, былтырғы жылы Астана мөлтек ауданындағы 2 көпқабатты
тұрғын үй қосылған. Екінші кезең бойынша Сырдария, СПМК-70, Арай-2, Сұлтан Бейбарыс, Мерей мөлтек аудандарындағы 91 көпқабатты тұрғын үй қосылатын болады. Сондай-ақ үшінші кезеңде жыл аяғына дейін тағы 50 көпқабатты тұрғын үйді қосу жоспарланған.