СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨПІР САЛЫНУДА

Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесі тұрғындарының өтініші бюджет қаражатынсыз-ақ шешімін табуда. Бұл аудан халқының ынтымақ-бірлігінің белгісі. Қазақ көшесіндегі көпір құрылысын жүргізуге аудан көлеміндегі мекеме басшылары мен қызметкерлері де өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі қажетті техникалармен қамтамасыз етуде.
Қазіргі таңда жұмыстардың 50-60 пайызы аяқталған. Аудан тұрғындарының бірлігін, ауызбіршілігін, ынтымағын көрсететін асар әдісімен салынған көпір жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.