ТЫҢ ИДЕЯЛАР КҮТЕДІ

Осыған орай Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы аймақ жастарынан тың идеялар күтуде. Өңірдің көшбасшы жастары алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын қалыптастыруға байланысты өзге салада жүрген облыстың жастарына сұрау салуда. Яғни, алдағы жылға жасалатын жоспарға өз ұсыныстарын беруге болатынын хабарлайды.
Сіз келер жылғы шаралар тізбесіне қандай форматтағы және қай бағыттағы іс-шаралардың енгенін қалайсыз? Облыста қандай шараларға қатысуыңыз мүмкін?
Құрметті Сыр жастары! Еліміздің кемел келешегі өз жастар қолында екенін ескере болсақ, ұсынысқа өз үлестеріңізді қосыңыздар.
Қызылорда облысының жастар басқармасы сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді күтеді.