ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде «ҚАЖ мекемелерінде теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастырылуы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің басқарма бастығы Ж.Тілеуов, бөлім бастығы Б.Абибуллаев, жедел қызметкер Р.Болғанбаев, облыстық ішкі саясат басқармасы Дін істері бөлімінің басшысы Е.Есов, облыстық ішкі саясат басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Б.Камалов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Б.Абуов, «Мүсірәлі» мешітінің бас имамы Б.Арынов, «Өркениет-Қызылорда» қоғамдық қорының үйлестірушісі Ж.Мәжитова, ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің бастықтары мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ҚАЖ департаментінің және мекемелердің жедел, сотталғандар арасында әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша, медициналық қамтамасыз ету, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Семинарда тақырыпқа сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде бас бостандығынан айырылғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру жұмыстарының барысы, қол жеткізілген нәтижелер аталып өтті.
Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы Ж.Есмаханов теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды күнделікті жұмыста қолдану тәртібіне түсіндірме жұмысын жүргізді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Семинар-кеңес нәтижесімен алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар белгіленіп, мақсаттар айқындалды.