ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАДЫ
2018 жылы желтоқсанда қазақстандықтарды қосымша төрт демалыс күні күтіп тұр. Республика тұрғындары жылдың соңғы айында 13 күн демалады, деп хабарлайды Казправда eGov.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және ол сенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс күні 3 желтоқсанға көшеді. Осыған байланысты Қазақстандықтар желтоқсанның бірі мен үші аралығында жұмыс істемейді.
16 және 17 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады. 16 желтоқсан жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні 18-ші желтоқсанға көшіріледі. Осылайша қазақстандықтар 15 және 18 желтоқсан аралығында демалады. Жаңа жыл төрт күн – желтоқсанның 30-ы мен қаңтардың 2 аралығында аталып өтіледі. 29 желтоқсан (сенбі) жұмыс күні болады, сондықтан демалыс күні 31 желтоқсанға (дүйсенбі) көшіріледі.