ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫНА АЙНАЛҒАН АССАМБЛЕЯ БАЛҒЫНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелерінің балаларына арналған жаңажылдық шырша өтті.
Мерекелік шараға 200 бала қатыстырылды. Ертегі кейіпкерлерін сомдаған Оқушылар сарайының өнерпаздары достықты нығайтып, түрлі этнос балаларымен бірге өнер көрсетті.
Өнерімен тәнті еткен балғындарды Аяз ата да құр қалдырмай, түрлі тәттілерді үлестірді. Мерекелік шара соңында қатысушыларға облыстық ассамблеяның жаңажылдық сыйлықтары табысталды.