САПТЫҚ ҚАРАУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысында «Қыс-2018» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу аясында қаладағы автокөлік базары аумағында облыстық жедел әрекет ету қызметтерінің саптық қарауы өткізіліп, оған Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С.Молдақараев қатысып, жедел әрекет ету қызметтерінің дайындығымен танысты.
Оқу-жаттығу – бұл авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдарының жұмысын тексеретін емтихан іспеттес. Ондағы мақсат – қысқы кезеңдегі төтенше жағдай туындаған сәттегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың іс-әрекетке дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығуға аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері, "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесі, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ облыстық филиалы, Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасы, "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «ҚР Ұлттық ұланының №5547 әскери бөлімі», «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда филиалы, «Қазтрансгазаймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, «Қазақтелеком» АҚ оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясы және басқа да облыстағы авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдары қатысты.
Төтенше жағдай кезіндегі құлақтандыру, ақпарат алмасу және авариялық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету тәртібі нақтыланды. Саптық қарау барысында 21 құрылым, 219 адам, 65 техника қатыстырылып, өздерінің дайындықтарын көрсетті.