ТІЛ БІЛУ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ
Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде қала және аудан өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында «Үштұғырлы тіл бәсекеге қабілетті» атты байқау өтті.
Байқауға 13 команда қатысып, бақ сынасты. Қазылар алқасы төрт кезеңнен ең мықты команданы анықтады. Сайыс сәлемдесу, жазбаша тапсырма бойынша латын графикасында мәтін жазу, шығармашылық конкурс және азаматтық қорғау саласындағы терминдер мемлекеттік тілден орыс және ағылшын тілдеріне аудару сынды тапсырмалардан тұрды. Байқау шет тілдерін үйрену табыстың кілті болып табылатынын тағы да дәлелдеді.
Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі І орынды жеңіп алса, Байқоңыр қаласы №13 өрт сөндіру бөлімі ІІ орынды, Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ІІІ орынды иеленді.