ӘЛЕУМЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР

Мемлекеттегі саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін мәселелерін зерттеу, мониторинг жасау мен нәтиже бойынша жемісті жетістікке жету жолындағы механизмдер айтылды. Айтулы шарада өңіріміздегі әлеуметтік зерттеулермен айналысып жүрген «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы мамандары, оның ішінде орталықтың жетекші сарапшысы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі, әлеуметтанушы Нұрсұлтан Қаражан «Әлеуметтанушының қоғамдағы рөлі туралы» баяндама жасап семинарға қатысушыларының толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сәулет Сахиев аймақта жүргізіліп жатқан әлеуметтік зерттеулер жайлы баяндады. Семинарға БАҚ өкілдері, қалалық және барлық аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары қатысып өзара тәжірибе алмасты.

