ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ 52-СІ ҚОЛДАУ ТАПҚАН

Аппараттық мәжілісте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне алдағы 2019 жылы өтпелі жобалардың ішінен жалпы құны 1,9 млрд. теңге құрайтын 5 жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру кезінде қолдау таппаған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру керектігі айтылды. Бұл тұрғыдағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат және Мәжіліс депутаттарымен бірлесе атқарылуы қажет.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қазан айында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Астанада салалық департаменттер мен ҚР Қаржы министрлігінде 2019 жылға арналған өңірді дамыту жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.