СТУДЕНТТЕР САЙЫСЫ

Сайысқа қатысушылардың өнері ойды анық жеткізіп, тіл тазалығы мен дауыс ырғағын сақтау, аудиторияны баурап алу қасиеттері бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен «Жүргізушілер» сайысында «Өркениет» медициналық колледжінің студеттері Нұрсұлтан Жақсылық және Айдана Боданова, «Мәнерлеп оқу» бойынша «Ұлағат» колледжінің студенті Жанарбек Бекарысов, «Әдеби көрініс» бойынша «Ұлағат» колледжінің студенттері үздік деп танылды. Қызылорда көпсалалы және Абылай хан атындағы жоғары колледждерінің студенттері де арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.