500 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛГЕН

Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар тиісті жалғасын табуда. Атап айтқанда, қала көлемінде 2 млрд. 33,5 млн. теңгеге 97,8 шақырымды құрайтын 112 көшеге орташа, ағымдағы, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар жыл басында Жібек жолы мен Ділманов көшелерінің қиылысында орналасқан 180 млн. теңге болатын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Бұл көпірдің ерекшелігі мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жедел саты бар.