КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ МҰРАЖАЙДА
Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғау органдарының мұражайына кәсіби даярлық мектебінің 20 тыңдаушысы келіп, мұндағы жәдігерлермен танысты.
Департамент мұражайы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қайта жаңартылып, ашылған болатын. Мұнда департаменттің негізін қаланғаннан бергі басшыларының фотосуреттерімен бірге төтенше жағдайлар саласының ардагерлерінің өмірбаяны жазылған. Сонымен бірге фотосуреттер, каска, жауынгерлік киімдер және басқа да экспонаттар қойылған. Мұражайға келушілерге өрт-техникалық құрал-жабдықтар таныстырылып, азаматтық қорғау саласында абыроймен қызмет еткен ардагерлердің жетістіктері әңгімеленді. Музей меңгерушісі Кәмшат Ерімбетова кәсіби даярлық мектебінің тыңдаушыларын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жұмыс жасау тәртібі жөнінде мәлімет берді.