«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шара барысында институт директоры Б.Елеусінов сөз алып, байқау кезінде жасалған жұмыстар туралы айтып өтті. Республикалық байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «үздік» деп танылған 63 жеңімпаз дипломдармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарының бейне-сабақтары республикалық кезеңге жолданды.
Педагогтерге арналған кеш барысында байқау қатысушылары өз лебіздерін білдіріп, дайындық кезінде кездескен қиыншылықтары мен қызықты сәттерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұжымына педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.