ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ӨТКІЗІЛУДЕ
2018 жылдың 23 қазанынан бастап Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасында семинар-тренингтер өткізілуде. Бірінші семинар-тренингке Қызылорда ҚІІБ-ның 30-ға жуық қызметкерлері қатысты.
Тренингтер ойын түрінде өткізілді және интерактивті әдістер мен қызметкерлердің психо-эмоционалды жағдайын және стресстік төзімділігін анықтау үшін түрлі жаттығулар жасалды. Қызметтік жұмысты жетілдірудің негізгі талабы кәсіби-психологиялық дайындықты жетілдіріп, эмоционалды бұзылыстарының алдын алуда, қызметкерлердің күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуде де алар орны зор.
Семинар соңында талқыланған мәселелер қорытындыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.
ҚІІБ-ның Баспасөз қызметі