«БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ» БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Кітап балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіліне, ой-өріс қиялына, тез түсініп, жеңіл қабылдауларына лайықталып жазылған. Ұлтымыздың бояуы мол дана тілімен қанықтырылып, түрлі-түсті суреттермен көркемделген.
Шараға қатысқан балалар ақын Оразбай Қосановтың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ата-ананы, үлкендерді сыйлап, табиғатты танып, қорғай білуге шақырған өлеңдерін жатқа оқыды. Мың бұралған би мен әсем ән орындады. Оразбай Қосановтың немерелері аталарына өз құттықтауын арнап, әннен шашу шашты.
Шара барысында «Бала тілін тапқан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнекөрсетілім көптің назарына ұсынылды.


