РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Қармақшы аудандық мәдениет үйінде «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты ғылыми – танымдық конференция өтті.
Конференцияға мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, білім, әлеуметтік сала мамандары, үкіметтік емес ұйым,саяси партия, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Конференцияны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Бақытұлы ашып, жүргізіп отырды.
«Рухани келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында саяси ғылымдар кандидаты, доцент Ербол Мүбаракұлы, «Қоғамдық татулық пен ұлтаралық келісім – Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы Дәулет Кәрібайұлы баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Ұлт-бірлігі - Қармақшы» этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестіктің төрағасы Шегебай Құндақбайұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Төлегенқызы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұргүл Нұрлыбекқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді.
Шара соңында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, қоғамдық ұйымдарға конференция ұсынымдары жарияланды.