АГРАРЛЫҚ САЛА БАСТЫ НАЗАРДА
Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттің бірі: еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау.Осы орайда Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Абзал Ералиев және Наталья Жұмаділдаева агросаланың әлеуетін бағамдады. Шалғай елді мекендерде болып, Жолдау жүктеген міндеттерді кеңінен талқыға салды. Осындай кездесу Сырдария ауданына қарасты «Абзал и К» толық серіктестігінде де жалғасты. Мұнда халық қалаулылары серіктестік жұмысмен танысып, жұмысшыларымен кездесті.
«Абзал и К» серіктестігі күріш индустриясының қазақстандық нарығындағы көшбасшылардың бірі. Серіктестік биыл 5 гектар алқапқа сыр салысын егіп, 50 тонна өнім жинаған.Орташа өнім гектарына 70 центерді құрайды. Қазіргі таңда серкітестік өндірілген сыр салысының 60 пайызын елімізде ғана емес, Әзірбайжан, Украина, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан секілді алыс-жақын шет елдерге экспорттап отыр. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде серіктестік 2017 жылы Президенттің «Алтын сапа» жүлдесімен марапатталған. Қазір серіктестік ауызсу, ас тұзы, көкөніс, тіпті бал өндірісін де қолға алған. Енді бұл өнімдерді ел нарығына шығаруға жұмыс жасаудамыз,- дейді серіктестік директоры Мағжан Ералиев.
- Ауыз су 470 метр тереңдіктен, сапасы еліміздің стандарттарына сай алынып отыр. Ол үшін өнімділігі сағатына 3000 шыны су шығаратын шетелдік қондырғыны орнаттық. Әзірге ішкі нарықта яғни, облыс тұрғындары тұтынып отыр. Болашақтаеліміздің барлық қалаларына сатуғашығаратын боламыз. Ал, ара ұстап, бал өндіру компания имиджі үшін қолға алынды. Бұл біріншіден серіктестік жұмысшыларға сондай-ақ, әлеуметтік жобаларға көмек ретінде таратылады.
«Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн». Елбасы биылғы Жолдауында осылай деді. Бұл ретте отандық компания өз мамандарын шет елдерге барып тәжірибе алмасуға жағдай жасап отыр.
Жалпы Сыр өңірінде ауылшаруашылығы жақсы дамып жатқандығын біз көзбен көрдік. Соның ішінде күріш егумен айналысатын кәсіпкерлер саны көбеюде. Өнімнің сапасыда, көлеміде жақсаруда. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеру бағытында нақты тапсырмалар берді. Бұл бағытта ауылдағы өндірістің әлеуетін көтеру үшін, ауылшаруашылығын дамытуға жыл сайын 100 млрд теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бұл қаражат өңірлердегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін, әрі қарай да өздерінің өнімдерінің сапасын арттыруға,басқада өнімдерді шығаруға үлкен қолдау болады деп ойлаймыз, - деді серіктестік ұжымымен кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртай Сабильянов.