ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?
Қазіргі уақытта кез-келген адамды сөйлетіп, мақсат-мүддесін сұрасаңыз, өзіңізге ақыл айтарлықтай қауқары бар. Дегенмен, сол іспетті арман-айласын жүзеге асырғандар қатары тым аз. Армандарды жүзеге асыруға кедергі болатын не құбылыс? Ол, әрине, жалқаулық, мойынның жар бермеуі. Осы бір жағымсыз қасиеттен арылып, жетістікке қалай жетуге болады?
Адамдар әрбір қадамын және болашақта атқарылуы тиіс дүниелердің барлығын ойша жоспарлайды. Мысалы, жатар алдында ерте тұру жайлы ойлануыңыз мүмкін. Бұл – ертеңгі күніңізге ғана қажетті, дегенмен, жасалынуы тиіс қадам.
«Жалқаулық» қасиетін де жақсы бағытқа қолдануға болады. Қалай? Бір ғана жағдайда жоғарыда аталған қадамды іске асыруға болады. Ол жол – «жалқаулықты» түбегейлі жеңу. Осы әрекетті өз ырқыңызды жеңіп жасай алсаңыз ғана жетістікке жету ықтималдылығыңыз арта түспек.
Барлық мақсаттарыңызға бірдей әрекет ету арқылы ғана жетемін десеңіз, оңбай қателесесіз. Адамның алғашқы шешім қабылдайтын мүшесі – ми. Ойша қабылданған шешім, ойша жасалған жоспар іс-әрекеттің сапалы шығуына айтарлықтай әсер етеді.
Философтардың тұжырымдамаларына сүйенсек, адамдардың көпшілігі ойша жоспарды орта жолда жасап, нақты шешімді орта жолда қабылдап жатады екен. бұл – ең қате қағида, ең қиын жол.
Іс-әрекетке кіріспес бұрын ойша жоспарыңызды нақтылап, дұрыс шешім қабылдап алмасаңыз, бастаған бастамаларыңыз көздеген тұсыңызға жетпей қалуы мүмкін.
Адамда түйсік деген дүние болады. Түйсік кісіні ешқашан алдап немесе орға жыққан емес. Кез-келген істі бастарда немесе шешім қабылдарда ішкі дауысты тыңдауды үйреніңіз. Бұл арқылы сіз жетістікке жетудің тура жолын табуыңыз ықтимал.
Философтар тәпсіріне қайта оралайық. «Ешқашан қиындықтарға мойымаңыз. Тек әрбірінен сабақ алуды үйреніңіз. Қиындықтардың уақытша екенін ұмытпаңыз» деген тәмсіл бар.
Жалқаулық туа біткен қасиет емес. Адамдар түрлі жолмен кертартпа мінезге ұшырайды. Мысалы, бастаған ісі жүріп, ойындағыдай әрекет етіп жүрген адам бір күні дағдарысқа ұшыраса, одан кейін кәсіп жасауға деген құлшынысы мүлде жоғалуы мүмкін. Турасын айтқанда, қиындыққа төзбей, сынып кетеді. Сынған азаматтың қайтадан аяққа тұруы өте қиын дүние.
Екінші бір жағдай – адамның өз-өзіне сенім білдірмеуі. Азамат болып қалыптасқан адам өз қауқарына, өз қабілетіне, өз дарынына сенім білдірмесе, оның кез-келген тірлігі өнбейтіні анық. Сондықтан, қиындыққа ұрынсаңыз да, тауыңыз шағылып, өзіңізге сенімсіздік танытпағаныңыз абзал.
«Сіздің қолыңыздағы ыдыстың жартылай толық немесе жартылай бос екені мүлде маңызды емес. Бастысы – сізде су бар», - деп жазған екен Руди Франциско. Айтылуы көзделген басты ой – қазіргі жағдайыңа шағымдана бермей, ыдыстағы суыңды іш те, соны толтыруға талпыныс жаса.
Өмір сүр
Адамдардың көпшілігі өздерінің күнделікті өмірлеріне ырзашылық таныта алмайды. Қанағатсыздық деген кесірлі қасиет – бұл. Қанағатсыз адам ештеңеге қол жеткізе алмайды. Өйткені, оның ойында әрқашан материалдық жағдайды дамыту деген идея тұрады. Ал байлыққа тікелей жұмыс жасаған адамдардың көпшілігі оған қол жеткізе бермейді.
Ойланыңыз! Сіз әлі тірісіз! Сізде әлі мыңдаған мүмкіндіктер бар. Сол мыңның бірін неге іс-әрекетке айналдырмасқа, неге біреуінен нәтиже шығармасқа?! Уақыт барда, жатпау қажет. Уақыт – сіздің ең асыл құндылығыңыз. Өзіңізді аясаңыз, өзіңізді аямаңыз!